Рамазан айы — қайырымдылық айы. Қиналған сәтте қолұшын берген жандарға  зор алғысымды білдіргім келеді.

Осыдан екі ай бұрын   менің 2008 жылы туылған, 14 жастағы ұлым Абайхан Абылай Олжасұлы «ОИ Миопия высокой степени с астигматизмом Кератоконус 3-4 ст (Миопия (Н52.1)) деген диагнозбен ауырып қалды. Бұл көз ауруына  тек ота  (пересадка роговицы)  жасату керек болды.  Уақыт өте тығыз болды.  Қазақстанға донор тек АҚШ-тан келетіндіктен, оны өте ұзақ тосуға тура келді. Уақыттың тығыздығына байланысты,  ТҮРКИЯ  мемлекетінде    ота жасату үшін көлемді қаражат қажет еді. Көлемді қаражат қарапайым мұғалімде қайдан болсын?!.

Осындай аса  қиын кезде  маған қолдау көрсеткен,қайырымдылықты ұйымдастырған Талдықорған қаласындағы  М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының директоры Сарқытов Қайрат Төлепбергенұлы басшылық етіп отырған  ұжымның көмегі мен қолдауы ерекше болды. Сонымен қатар,ота жасату үшін қаржылай қаражаттың жиналуына өз үлесін қосқан   мектеп басшысы Қайрат Сарқытовқа алғысым шексіз!

Сондай-ақ, менің екінші отбасымдай болып кеткен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мүшелеріне,М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының ұжымына және  мектептің барлық ата-аналарына, қала мектептерінің басшылары мен ұжымдарына, Алматы қаласындағы  химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде арнайы жәрмеңге өткізген сынып жетекшілерге,Кербұлақ ауданындағы  Беріктас орта мектебінің ұжымы мен түлектеріне,Қызылқайың, Бақтыбай ауылында бірге оқыған сыныптастарыма, ЖМУ-де бірге оқыған курстастарыма, көршілеріме,  ет жақын  туыстарыма алғысымды білдіремін!

Бір Алланың қолдауымен,көпшіліктің көмегімен Түркия мемлекетінің Ыстамбул қаласына барып ота жасатып қайттық. Екі отада да сәтті өтті.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген жерлестеріміз нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Алла Тағала баршамыздың жасаған қайырлы амалдарымызды қабыл етсін! Ана ретінде Сіздерге басымды иіп,алғысымды айтамын!

                                                                              Ізгі ниетпен Абылайдың анасы

                                                                                               Сарсенбаева Айжан.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK