ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясының құрамынан шығатынын мәлімдеді.

 Қ.Тоқаев Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың кандидатурасын «Amanat»  партиясының басшысы қызметіне ұсынды.

«Бүгіннен бастап «Amanat» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын», — деді ол партия съезінде.

Президент өзіне сенім білдіріп, партия тізгінін тапсырғаны үшін барлық делегаттарға алғысын жеткізді.

«Дегенмен, өмір бір орында тұрмайды. Алдымыздға үлкен міндеттер тұр. Еліміздің барлық саласында монополиясыздандыру жұмысы жүрігізіліп жатыр. Саяси жүйе де одан тыс қалмауы қажет», — деді Қ. Тоқаев.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды.

Нұр-Сұлтанда «Amanat»  партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі өтіп жатқандығын естеріңізге саламыз.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK