«AMANAT» партиясының қала бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы  Талдықорған қаласында депутаттар фракциясымен жиын өткізілді.

 Жиынға Талдықорған қаласының әкімі Ә.Масабаев,  қала әкімінің орынбасарлары, Талдықорған қаласы бойынша фракция мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл отырысты  «AMANAT»  партиясы Талдықорған қалалық филиалының атқарушы хатшысы Аманжол Жазықбаев ашып жүргізді.

Бәрімізге белгілі, елде саяси өзгерістер көп. Саяси процестің кезектен тыс XXII съезінде «Nur Otan» партиясының атауы  бұдан былай «AMANAT» деп атау туралы шешім шыққан болатын. Қазақстан Республикасының Президенті — «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Бұл «Аманат» сөзі  біздің еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де ерекше маңызы бар киелі ұғым. Біздің егемендігіміз, еліміз бен бірлігіміз, ұлан – байтақ жеріміз-бізге ата-бабаларымыздан жеткен аманат.Біз бұл ішкі құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа оралуымыз керек. Партия бұл қағиданы берік ұстанады».

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Дүйсебекұлы да қаланың даму көрсеткішіне тоқталып өтті. Айтар болсақ,  «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау үшін  Талдықорған қаласы бойынша Жол картасында дамудың жеті басым бағыты айқындалып, 71 іс-шараны іске асыру және жыл сайын 23 көрсеткішке қол жеткізу көзделген.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау басты бағыттардың бірі болып табылады. Талдықорған қаласы бойынша Жол картасын жүзеге асыру аясында 94 индикатор қойылды.

Осы кезге дейін оның  62 индикаторы  орындалды, бұл көрсеткіш  91 %-ды құрайды.  Негізгі міндеттің  бірі 220,9 шақырымдық  автомобиль жолдарын кезең-кезеңмен жөндеу болып табылады.  Мәселен, оның ішінде Еркін, Ынтымақ ауылдарында, 3-ші бөлімшеде, Жастар-1, Жастар-2 жаңа тұрғын үй массивтерінде, 9 және 10 шағын аудандарда және т. б.

2021 жылы жолдарды салуға, күрделі және орташа жөндеуге 3,5 млрд. теңге бағытталды. Бұдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Өтенай ауылында 11,3 млн.теңге сомасына 3,2 шақырым, Еркін ауылында 12,0 млн. теңгеге 3,6 шақырым қиыршық тас төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Сондай – ақ, 4,4 км (Шоссейная к-сі, Дачная к-сі және Қаратал к-сі) Үйтас б/о жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыстар  аяқталды.

«2022 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 23 көрсеткіш орындалуы барысында 50 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған. «Алмаз Керамикс»ЖШС керамогранит плиткаларын өндіру зауытын салу бойынша өндірістік желіні монтаждау жүргізілді. Жоспар бойынша 10 аялдама орнату және 20 автобус сатып алу көзделген. 42 ауланы абаттандырудың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жоспар бойынша 2021 жылы  апатты тұрғын үйлерде тұратын 60 отбасын  баспанамен қамту қажет болатын. Қалада  жалпы алғанда, 14 апатты жағдайдағы үйлер бар. Былтыр Кивилев көшесіндегі үйдің тұрғындарына 27 пәтер сатып алынды және бесеуі мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінбек. Бүгінде 2022-2025 жылдарға арналған инновация бағдарламасы бекітілді. Жол картасында орындамалған 1 іс-шара бар.  Ол — 2021 жылы  «Green Techoloqy Partners» ЖШС  жалпы құны 5,0 млрд теңгенің   жобасы  қаржы тапшылығына орай іске аспады. Сайлауалды бағдарламада осы жобаның орнына жылына 20 млн. дана керамикалық, қаптауыш кірпіш шығаратын  «Жетісу керамикс» ЖШС жобасын алмастыру ұсынылып отыр. Егер жоба іске асса, инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде»-  деді қала басшысы.

Қала әкімі қолға алынған жұмыстардың жалғасуына және  туындаған мәселелердің шешімін табуын назарда  ұстайтындығын жеткізді.

Депутаттар қабылданған резолюция бойынша дауыс берді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK