Кемерово, қайғыңа ортақпыз…

377
Фото авторы А.Нұршанов

25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласындағы “Зимняя вишня” сауда орталығында өрт шығып, салдарынан бірнеше адам қаза тапқан болатын.  Өкінішке орай, қаралы  тізімдегілердің басым көпшілігін балалар құрайды.

Бұл ауыр жағдай Жетісу жұртшылығын бей-жай қалдырмады. Қала тұрғындары тілсіз жаудың салдарынан опат болғандардың  туған-туыстарының  қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Фото авторы А.Нұршанов

Қайырғали Әбдірайымов, қала тұрғыны: Ресейде болған өрттен қаншама бейкүнә балалар, адамдар қаза тапты. Дана халқымыз “Қайғыны бөліссе азаяды” деген. Осыған орай орталық алаңға  отбасымызбен арнайы  келіп, қайғыларына ортақ екенімізді білдіреміз. Қазақстан, сіздермен бірге. Біздің елімізде мұндай оқиғалар болмасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дегім келеді.

Гүлзат Бекбергенқызы, қала тұрғыны: Ешкімнің шақыртуынсыз алаңға келіп, ақ шар ұшырдық. Осылайша ресейліктердің қайғыларына ортақтасамыз. Періште сәбилердің  ауыр жағдайда қаза тапқандары жүректі сыздатты. Қаншама тағдырлар қыршын қиылды. Мұны бастан өткермек түгілі, ойлаудың өзі қорқынышты. Елімізде тек қана тыныштық пен бейбітшілік  болсын! Бүлдіршіндеріміздің ұйқысы бұзылмай, бақытты ғұмыр кешсін! Жаратқан халқымызды, жер бетіндегі күллі адамзатты  айтып келмейтін апаттардан сақтасын!

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK