Бір адам ғұсыл алып, тазару үшін өзен бойына барыпты. Суға түсер алдында сол маңнан өтіп бара жатқан Қожанасырды көріп:
— Қожеке, мен ғұсыл алып, жуыну үшін қай жаққа қарауым керек, – деп сұрапты. Сонда Қожекең:
— Киімдерің өзеннің қай жағында қалса, сол жаққа қара, – деген екен.
