Үкімет кулуарында   ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров БАҚ туралы заңға қатысты пікір білдірі.

Заңды қайта қарау бойынша жұмыстар өткізілуде. Әр өңірден жиналған бас редакторлар клубымен ауқымды жиналыстар өтті. Біз қазір пікірлер мен ұсыныстарды жинап жатырмыз. Алдымен жұмыстық топты құрып, оның концепциясы дайындалады. Одан кейін заң жобасы әзірленеді. Онымен заңгерлер айналысады. Әрине, заң біздің жүйемізге сай болуы қаралады. Мұндай сапалы заңды қолданысқа енгізу үшін  біраз процесті талап етеді, — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Министр қазіргі таңдағы БАҚ өкілдерінің негізгі мәселесін айтты.

Бірінші ұсыныс журналистерге құқықтық мәртебе қажет деп ұсынуда әріптестер. Екіншіден, дәстүрлі БАҚ-тарға қолдау жолдары қандай? Осы тақырып аясында ұсыныстар бар. Меніңше, бұл заң жобасы бойынша пікірталастар өте көп болатын сияқты. Заңның жобасын биыл жылдың соңында дейін Парлментке енгізуге тырысамыз, — деді Асқар Умаров.

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK