Білімді шыңдап, біліктілікті арттыру заман талабы. Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында көрсетілгендей «Мемлекеттік қызметкер — үш жылда бір рет кәсіби шеберлігін арттыруға міндетті».  Осыған сай,  жалпы жетісулық 1451 мемлекеттік қызметші  қайта даярлау курстарынан өткен.

Бұл туралы жақында өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған  баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жадыра Иманғалиева айтты. Сондай-ақ, ол:  «Бүгінде  аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің саны — 8036. Оның 4301 жергілікті атқарушы орган қызметкері. Ал, 3735-і орталықтың аумақтық бөлімшелерінде. Биыл өңірде біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан 1632 мемлекеттік қызметші өтуі тиіс. Осыған дейін олардың 89 пайызы қамтылды.  Оған қазынадан 57 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. Сонымен бірге  қазір Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Пре-зидентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы ашылып, жұмыс жасауда»- деді. Осыдан соң, аталған  филиал директоры  Қазбек Шакішов жаңадан жасақталған орталықтың қолға алып жатқан жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоба-жоспарларымен бөлісті. Басқосу соңында тілшілердің қойған сауалына жан-жақты  жауап берді.

 

А. БАЙТАЙЛАҚОВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK