Біздің дүкендердің сөрелерінде май өнімдерінің үлкен ассортименті бар. Бірақ май өнімдері дегеніміз не?

Кеден Одағының «Май өнімдеріне арналған техникалық регламенті» (КО ТР 024/2011) техникалық регламентіне сәйкес май өнімдері – су, тағамдық қоспалар және басқа ингредиенттер қосылған немесе қосылмаған өсімдік немесе өсімдік және жануар майлары мен тоң майларының негізінде жасалатын өсімдік майлары және өнімдер.

Май өнімдері екі түрге бөлінеді: тағамдық және тағамдық емес өнімдер. Тағамдық май өнімдеріне мыналар жатады: өсімдік майы, маргариндер, спредтер, ерітілген өсімдік-кілегейлі және өсімдік-майлы қоспалар, арнайы мақсаттағы майлар, оның ішінде аспаздық, кондитерлік, нан пісіретін майлар, сүт майын алмастырғыштар, өсімдік майы негізіндегі соустар, майонездер, майонез соустары, өсімдік майы негізіндегі кремдер және т.б. Тағамдық емес май өнімдеріне табиғи шикі глицерин және кір сабын жатады.

Тағамдық май өнімдерін таңдағанда неге назар аудару керек? Ең алдымен таңбалауға. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде, түсінікті, анық және тұтынушыларды жаңылыстырмауы керек.

Май өнімдерін таңбалауда міндетті түрде мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс: өнімнің атауы, құрамы, нетто массасы немесе көлемі, тағамдық құндылығы, сақтау шарттары, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, дайындаушының атауы және орналасқан жері, оған сәйкес өнім өндірілген құжат туралы мәліметтер, ЕАС белгісі, ГМО-ның болуы туралы мәліметтер (0,9% және одан жоғары болған кезде).

Негізгі талаптардан басқа, май өнімдерінің әртүрлі түрлері үшін тұтынушы қаптамасында қосымша ақпарат болуы керек:

— өсімдік майлары үшін: фирмалық атауы (бар болса); құю күні; тұтыну қаптамасын ашқаннан кейін сақтау жөніндегі ұсынымдар;

— маргариндер, өсімдік-кілегейлі және өсімдік-майлы спредтері, ерітілген өсімдік-кілегей және өсімдік-майлы қоспалар, арнайы мақсаттағы майлар үшін: сақтау температурасы; жалпы майдың массалық үлесі; өнімнің май фазасындағы қаныққан май қышқылдары мен май қышқылдарының трансизомерлерінің ең көп мөлшері, өнімдегі майдың пайыздық мөлшері;

— өсімдік-кілегей спредтері және ерітілген өсімдік-кілегей қоспалары үшін — сүт майының массалық үлесі;

— өсімдік майы негізіндегі соустар, майонездер, майонез соустары үшін: сақтау температурасы; тұтыну қаптамасын ашқаннан кейін сақтау жөніндегі ұсынымдар.

Май өнімдерін таңбалау туралы осы кішкентай білім Сізге сапалы және қауіпсіз өнімді таңдауға мүмкіндік береді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK