Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен «Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алу үшін «Өркен» білім алу грантын тағайындау  жөніндегі  конкурсқа іріктеу»   турасында баспасөз мәслихты өтті.

Талдықорған қаласындағы зияткерлік мектеп директорының орынбасарлары Анаргүл Сарыева мен Ерали Бижанова білім ордасының жетістіктерімен қоса, қабылдау жүргізу ретін айтып берді. Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2010 жылдың 1 қыркүйегінде өз есігін ашты. Оқуда, спортта, әлеуметтік жобаларда — бұл мектептің білімгерлері көшбасшылыққа  талпынады. Айтар болсақ, өзіндік ерекшеліктер көп.  Мәселен,оқушылар мен мұғалімдерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мектепте   600-ден аса бала білім алады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның (бұдан әрі – ДББҰ) стратегиялық серіктесі Кембридж Университетінің Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесе әзірлеген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның білім беру бағдарламасы, яғни NIS-Program, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша білім беру үдерісін жүзеге асыруға бағытталған. Бұл мектептің 12-сынып бітірушілері сертификаты халықаралық ұйымдар мен білім туралы сертификаттарға ие болғандықтан шетелдік оқу орындарына түсу мүмкіндіктері зор. 2010 жылдан бері Талдықорған НЗМ-ді 695 түлек бітірді. Олардың 122-сі Назарбаев Университетіне, 95-і АҚШ, Ресей, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея, Венгрия, Чехия, Қытай елдеріндегі шетелдік жоғары оқу орындарына түсті. Мысалы: Ұлыбританияның Ньюкасл университетіне түскен – Ермек Алуа (2012), Жұмаділов Әлібек (2013); Сеул ұлттық университеті, Оңтүстік Корея – Мукарам Камилла (2016); Массачусетс технологиялық институты, АҚШ – Антон Моргунов (2018 ж.); Чжэцзян университеті, Қытай – Черепанова Кристина (2019 ж.), UNIST Оңтүстік Корея – Роман Цой (2020), Гарвард университеті– Сезім Ертанатов(2021)- мектеп мақтаныштары.Мектептеолимпиадалық қозғалысқа көп көңіл бөлінеді. 2012, 2013, 2014 жылдары «Қазақстан Республикасының үздік олимпиадалық мектебі»,  2015, 2016 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы үздік олимпиадалық мектеп» деп танылды. Мектепте халықаралық, республикалық, желілік, аймақтық, қалалық деңгейлердегі мыңға жуық жүлдегерлер дайындалды. Бұл жерде оқу қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүргізіледі. Кейбір пәндер сыныптарда, мәселен, таңдау пәндері ағылшын тілінде өтеді.
-Жалпы білім беретін орта  мектептердің 6 сынып оқушылары зияткерлік мектепке емтихан тапсырып, үміткер бола алады. Қазіргі таңда республикадан  құрылған комиссия жұмыс жасауда. Өту балын жинақтаудың өзі оңай емес. Үміткердің түсу туралы қорытындысы 40 күннен жария етіледі,-деді Анаргүл Тойкенқызы.
-Бізде бағдарлма қарапйымдылықтан-күрделіге қарай өзгеріп отырады.Зертханалар жұмыс жасайды. 11-12 сыныптар сыртқы емтихандар тапсырады, оны  сыртқы эксепрттер анықтайды.  Еліміздің тарихына да назар аударылады. Сондықтан да «Жаңа әлемдегі Қазақстан» деген пән бар. Оқушылардың цифрлық әлемде өз ойын қалыптастарып, қорыта білу, сандық технологоияларды меңгеруге көңіл аударамыз. Зерттеу еңбектері болса, авторлық құқыққа назар аудару керектігін де  ұғындырамыз. Алдағы уақытта бастауыш оқыту тоқтатылады. Бұл шешімді екі жыл бұрын  бастаған болатынбыз,-дейді Ерали Бижанов.
Шаттық Нүсіпжан, 7-сынып оқушысы:-Мен  Назарбаев зияткерлік мектебінде оқимын. Өзім Райымбек ауданындағы орта мектептен ауыстым. Алдымен талапкер ретінде барлық тестілеуден өттім. Бұл жерде балалардың жан-жақты білім алуына  барлық жағдай жасалған.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жарияладп отыр. Үміткерлер өз өтініштерін 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін бере алады. Комплекстік тестілеу  2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK