Алматы облысында 67 мың адам ревакцинация курсынан өтті

207

Алматы облысы халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамту деңгейі бойынша республикада жетекші орында тұр. Бүгінгі күні өңірде вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 904 541 адамға жетті, бұл 75% — ды құрайды. Толық курстан өткендердің саны – 845 003 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 70%-ы.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары вирусқа қарсы препараттар арасында: Гам КОВИД-ВАК(Спутник V), «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell» және Comirnaty (Pfizer) вакцинасын таңдай алады.
Айта кету керек, Ақсу, Балқаш ауданының және Текелі қаласының тұрғындары короновирустық инфекцияға қарсы 100% егілді.
Өңірде вакцинация жұмыстары алгоритмге сәйкес жүргізілуде. Облыс бойынша 318 егу пункті ашылды, оның ішінде 76 – жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, Алматы облысында 15 қарашадан бастап жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары басталды. Облысқа барлығы 380 250 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 49 813 адамды құрайды, оның ішінде 39 178 жасөспірім, 2935 жүкті әйел және лактация кезеңінде 7700 әйел бар. Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналарының немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап облыста ревакцинация курсы басталды. Бүгінгі таңда 67 311 адам вакцинаның үшінші дозасын алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK