Әдетте, үлкендердің аузынан «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деген тілекті жиі естіп жатамыз. Осы бір сөздің мағынасы қаншалықты маңызды екенін, елде бүлік шыққанда қатты сезіндік.

Шыны керек, бұрын мұндайды көрмеген халық қатты үрейленіп қалды. Қымбатшылықты алға тартып, бейбіт шеруге шыққан ел тұрғындарының жиналысын арам пиғылды бәз біреулер өз пайдаларына жаратып кетті. Нәтижесінде, оқыс оқиғалар орын алып, соңы адам шығынына ұласты. Өкінішті әрине.

Осыған орай мемлекет басшы Қ.Тоқаев шұғыл шешім қабылдап, тиісті шараларды қолға алды. Соның нәтижесінде қазір қалыпты өмірімізге қайтадан бет бұра бастадық. Иә, үлкендер айтқандай еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK