Бүгінде елімізде төтенше жағдай. Басы қымбатшылыққа қарсы бейбіт шерумен басталған оқиғаның аяғы қан төгіске ұласқаны белгілі. Бұл өте өкінішті жағдай. Себебі, қаншама бейбіт тұрғын зиянға ұшырап, көптеген дүние мүлік қирады. Тіпті, ең басты құндылық саналатын адамдардың өміріне зор қауіп төнді.

Осы орайда ел Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев дер кезінде батыл шешімдер қабылдап, жұрттың амандығын сақтауға пәрмен берді. Соның арқасында әр аймақтағы орайды пайдаланып, жаппай бүлдіріп тонауға кіріскен бөгде ниетті күштер құрықталып, халық тыныш күнге орала бастады. Әрі жұрттың қойған барлық талабы орындала бастады. Міне, бұл  Мемлекет басшысы өзі ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын бір көрінісі. Сол үшін де  жалпы жұрт сабырмен барлық істі тура бағамдап, еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы үшін мызғымас  бірлік орнатып, қолдау көрсетуі тиіс. Осы арқылы біз жеріміздің тыныштығын сақтап, өңірлеріміздің, Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне өз үлесімізді қоса аламыз. Көп өтпей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы  бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, елдің Премьер-Министрін тағайындады. Әрі тыныштықты қамтамасыз етіп, халықтың әлауқатын көтеруге бағытталған жаңа жоба-жобаларды айқындап, тың міндеттер жүктеді.  Қорытып айтқанда, басты байлық – бірлікте. Халқымызға тыныштықпен сабырлық, мемлекетімізге жаңа даму мен толағай табыс тілеймін!

 

Мұхтар Ахметжанов,

Талдықорған қалалық

Ауған соғысы ардагерлері

кеңесінің төрағасы.

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK