Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, жаңа ҚР Премьер-Министрін тағайындады. Сондай-ақ, Президент жиында маңызды мәлімдеме жасап, елдің дамуымен алдағы уақытта атқарылатын істер туралы жеке-жеке тоқталып, Үкіметке және облыс әкімдеріне халықтың әлауқатын көтеруге бағытталған тың міндеттер жүктеді.

Осы орайда ел Президенті Тәуелсіздік  қорғап, бейбітшілік пен келісімді нығайтып, халық үніне құлақ асатын мемлекетке бағытталған өзгерістер жүзеге асыруды тапсырды. Әрі Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтардың заңды талаптары ескеріліп,  барлық шаралар іске асыратынын жеткізді. Әрі елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту туралы тапсырмалар Үкіметтің басты міндеті екені қадап айтылды. Шынымен де үкіметтің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру. Сондықтан, алдағы уақытта Президент тапсырмасына сай, елдің тыныштығы мен халықтың әлауқатын көтеруге бағытталған тың жобалар жүзеге асырылып, қазақ халқы нұрлы болашаққа қадам тастары анық.

                                                                                     Толыбек ДАНАБЕКОВ,

Семей полигоны Алматы облыстық

мүгедектер және ардагерлер

бірлестігінің төрағасы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK