Жаңа Премьер-Министр тағайындалды

451
Дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды. Ол Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің көмекшісі, Қаржы министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді. Мемлекет басшысының айтуынша Әлихан Асханұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы білетін білікті маман. Алдағы уақытта өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенеміз.

Гүлниса Тұлымшақова, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK