Жаң жыл қарсаңында Талдықорған қаласының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі және кәмелетке толмағандардың ісі, олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының бастамасымен арнайы іс-шара өтті. Шара барысында комиссия мүшелері облыс орталығындағы «Мүшелтой» балалар және жасөспірімдер клубы, «Ана үйі» сынды орындарға барып оларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Осы орайда жасөспірімдер клубының жетекшісі атқарған ауқымды жұмысы үшін  арнайы Алғыс хатпен  марапатталса,  клубтағы өнерлі балаларға жаңа жылдық тарту ретінде түрлі спорттық  бұйымдар мен сыйлықтар табысталды. Осыдан соң «Ана үйіне» атбасын тіреген комиссия өкілдері ондағы адамдарға мекеме басшыларының ізгі тілегін жеткізіп, бүлдіршіндеріне тәттілер мен  бағалы заттар үлестірді.

Еске сала кетейік, аталған комиссияның басты  мақсаты – от­ба­сы, әйел және балалардың құқық  мүддесін қорғау, олардың мүмкіндіктерін кеңейту, теңсіздікті қысқарту бағытында жүйелі жұмыстар жасап, бүкіл халықтың әлеуетіне сүйене отырып, орнықты дамудың мақсаттарына қол жеткізу. Осы арқылы ұрпақ бо­ла­шағына жанашыр жандардың қатарын көбейтіп, өңірдің өркендеуіне, экономикалық өсімнің үздіксіз жоғарылауына ықпал

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK