Тәуелсіз Қазақстанның болашағы — жастар. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген  шаралар ұйымдастырылуда. Тііл саясатын жүзеге асыру мақсатында Талдықорған қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  көптеген игі істерді атқарып келеді.

Соның бірі- қазақтың біртуар ақыны, бәйтерегі атанған, ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған  «Жыр алыбы-Жамбыл» атты қалалық байқауы. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен шара  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және  өз заманының Гомері, жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды. Оған білімгерлер, мұғалімдер, көрермендер қатысты.

 «Бұл байқаудың мақсаты- жыр алыбы  Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Білімгерлердің сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәбиелеу»,-дейді  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Арнайқызы.

  Жамбыл өлеңдерінен үзінді оқып, Жамбыл ата  рухына арнау жазып, өз өнерін ортаға салып онлайын іріктеуден өткен Талдықорған қаласындағы  колледждердің дарынды да,  өнерлі білімгерлері сайыс көркін қыздыра түсті.

Олай деуге себеп-бірінші «Жамбыл поэзиясы» номинациясында қатысушыларымыз Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

 Келесі  «Жамбылдың әндері» деп аталатын бөлімде қатысушылар ақынның әндерін орындады.

 Ал, үшінші номинацияда қатысушылар өз арнау өлеңдерімен өнерлерін ортаға салды.

Әр сайыста сынға түскендердің бәрі шетінен өнерлі екен. Сондықтан да, әділқазыларға әр аталымда жеңімпаздарды анықтау оңай болмағандығы байқалды.

Әймен -1 орыннан көрінсе,  АйсұлуСкакова -екінші, Ақсана Жақсыбекова — үшінші орын төрінен көрінді.

Ынталандыру сыйлығы  Аяулым Байсейітова, Сабина Ахперген, Ажар  Шарапийге табысталды.

Рахат Октябрь,  Нұрдана Арғын, Алғысбек  Дәуен     үздік арнау, үздік мәнерлеп оқу, үздік әншілік қырларымен танылды. Барлық жеңімпаздарға қала әкімінің дипломы мен бағалы сыйлықтар табысталды

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK