«Тіл шебері» үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы қалалық байқауы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай өткізілді.

Байқау үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатын көздеген еді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  оқу ғимаратында өткен сайысқа 15 пен 22 жас аралығындағы талапкерлер қатысты.

 Сайыскерлер «Сөзтаным» аталымында  берілген мәтіннен көнерген сөзді тауып, мағынасын ашуға күш салды. Жасырылған сөздерді 1 минуттың ішінде жылдам оқу техникасы бойынша тауып, мағынасын қазақ тілінде айтуы керек болды.

 «Ойтаным»  номинациясында  қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап қайтарылды. Ал, «Елтанымда» – еліміз туралы сұрақтарға ағылшын тілінде жауап берілу ұсынылды. Әділқазылар  қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейін, үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуын, сахналық шеберлік,  уақытты орынды пайдалану бәрін ескерді .Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру арқылы анықталды. Ақмарал Айтқали, Айгерім Құсманова,Ақбота Сапақызы, Каусар Талғатбекова, Даниал Бақтыбай, Али Асқатұлы,Амина Жаңатілеу жүлдерлі орындарды иеленді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталды

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK