Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 толып отыр. Осы мерекеге орай  «Тәуелсіздік тұғырымыз» атты қала студенттері арасында мәнерлеп оқу байқауын Талдықорған қаласы әкімінің қолдауымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өткізді. Талдықорған қаласындағы бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжінде өткен  байқаудың  мақсаты-жастардың сөйлеу  және тіл мәдениетін дамыту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге үндейді.

«Еліміздегі  тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған шара. Бұл тілдік сайысқа 18 үміткер қатысты»,- дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Арнайқызы.

Байқаудың аты байқау болғандықтан да сайыскерлер арасынан жеңімпаздар анықтау әділқазылар алқасына оңайға соқпады. Мектеп ұстаздары Жұлдыз Ақмолдаева мен Роза Ожарова,  байқауға қатысамын деп ниет білдірген үміткерлердің саны көп болғандығына  қуанғандықтарын  жеткізді. Алайда, қала көлемінде өтіп жатқан байқау болғандықтан білімгерлердің тыңғылықты  дайындалуы керек деген ойды да айтты.

Бірінші орынға Кәусар Талғатбекова, екінші орынға Рахат Октябрь,  Көрікбай Нұрали лайық деп табылды.

Жүлделі үшінші орынды үш студент, олар  Амангүл Жалғасова, Дильназ Кентбай, Жансая Нұрғайдар иеленді. Сондай-ақ,  ынталандыру сыйлықтары да табысталды. Жеңімпаздар қала әкімінің дипломы мен қаржылай сертификатқа ие болды.  Байқауға  қатысқан білімгерлердің   жетекшілері де марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK