Биыл егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстанымызға 30 жыл толды. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды. Ана тіліміз, мәдениетіміз бодандық құрсауынан босады. Бұл халықтың армандап жеткен үлкен жетістігі, дербестігі. Міне, осындай дербестік болған кезде ғана біз өзімізді Тәуелсіз елдің тәуелсіз азаматымыз деп санаймыз. Тәуелсіздік туралы айтқан кезде Желтоқсан оқиғасына тоқталмай кете алмаймыз. Тарихтан ойып тұрып орын алған «Желтоқсан оқиғасына» да 35 жыл толып отыр. Біздер, Қазақ елінің еркіндігі мен Тәуелсіздігі жолында бастарын қиындыққа тіккен желтоқсаншылардың есімдерін естен шығармай, мақтаныш тұтамыз.

Тәуелсіздік күні – тарихи маңызы зор, адам баласының өмірдегі ең ұлы мерекесі. Осы қасиетті мерекемен барлық қазақстандықтарды, жетісулықтарды құттықтаймын! Еліміздің еңсесі биік, көк туымыз мәңгі желбіресін!

                                                                                             Күлпан Сейітжанова,

                                              «Талдықорған қаласының орталықтандырылған

                                                       кітапханалар жүйесі» КММ директоры,

                                                                               ҚР Мәдениет саласының үздігі.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK