Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Алматы облысы білім  саласында сапаны қамтамасыз ету  департаментінің басшысы Сәуле Кабимолдаева, Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің меңгерушісі   Гүлмира  Ажикенованың қатысуымен  «Білім беру  мекемелерінде  мемлекеттік  аттестаттау жүргізу» ережесі жөнінде мектеп директорлары  мен балабақша меңгерушілерімен ақпараттық — түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттаудың  ерекшеліктері,  сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі,  «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормалары сақталуы тиіс. Мәселен,педагогтерді өзіне тән емес  функцияларға тартпау  тәрізді заң талаптары   мүлтіксіз сақталу мәселелері  де талқыланды.  Ата-аналармен және  педагогтермен  жұмыс жасауға,  ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.

                                                                  Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK