Жанды бұрыш

750
Дереккөз

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайы жанында орналасқан жанды бұрышта гүлдердің 50 — ден астам түрлері бар, оның ішінде хризонтема, фикус, кактус, әйел бақыты, қырық жапырақ тәрізді, лиана, доллар гүлі, красулла сияқты тағы да басқа гүлдер өсірілген.

Жануарлардың ішінде сәнді қояндардың 3 түрі, Африкалық жұп кірпі viagra pas cher «Голден клаус», Гвинея шошқасы, Оңтүстік америкалық жер тасбақалары, атжалмандар, Оңтүстік америкалық шишилалар, Оңтүстік америкалдық «Sciurus» тиыны, Солтүстік америкалық майсовтық жылан, Талдықорған қаласында тұңғыш әкелінген құбылғы, игуана сияқты бауырымен жорғалаушылар, тотықұстардың айырылмастар, кореллалар, вольныстыйлер сияқты 3 түрі бар. Осы бұрышта балықтардың жыртқыш түрлері 3 аквариумда және балдырлармен, ұсақ ағзалармен қоректенетін сәнді түрлері 1 аквариумда орналасқан. Тірі ағзалармен танысып, көруге ниет білдірушілер болса аптаның барлық күндері жұмыс жасаймыз. Мемлекеттік мекеме болғандықтан кіру тегін болып табылады. Оқушылар сарайы қосымша білім беру мекемесі болғандықтан «Жас биолог», «Жас зоолог» сияқты үйірмелерде 100 — ден астам қатысушы оқушылар жануарларды, өсімдіктердің биологиялық құрылымы, тіршілігі, өмір сүруі, көбеюі, қарау тәртібі, күтімі ағзалары турасында дәрістер алып, практикалық білім алады. Қала қонақтары мен қала тұрғындары және кішкентай балалар үшін тірі ағзаларды қарап, оларды нақты көру арқылы тірі бейнесі турасында көзқарасы оянады. Қаламыз бойынша жанарлар саябағының болмауына байланысты, шағын жануарлар бұрышы ретінде қарастыруымызға әбден лайық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы Жолдауында айтылған оқушылар сарайының жанынан технопарк жасау туралы айтқан тапсырмасының негізгі биологиялық бастамасы, түпқазығы ретінде осы тірі ағзалар бұрышы деп санаймыз. Тірі ағзалардың, оның ішінде өсімдік түрлерінің өсіру технологиясын жаңа түрлерін қоса отырып, биологиялық парк жасап, оны қаламыздың ерекше орындарының бірі ретінде жсауымызға әбден негіз бар.
Қорыта айтқанда, біздегі жанды бұрыш қаланың күнделікті мазасыз күйбең тірлігінен шаршаған жандарға келіп, тірі ағзаларды тамашалау арқылы рухани тыныштық сыйлайтын орын.

Миллеткан Құмарбек, «Жас биолог» үйірмесінің жетекшісі.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK