Талдықорған қаласындағы  Тіл сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қобылан Манап, облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаровтың қатысуымен арнайы жиын өтті. Онда  «Egov-жаршысы-2021» жобасының салтанатты жабылуы болып, атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

    2020 жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды қамтамасыз ету мақсатында, «Еріктілер жылы» аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен республикада алғаш рет «Egov- жаршысы» жобасы іске қосылған болатын.

 Ағымдағы жылда жобаның екінші кезеңі өткізілді. Осы 2 жылда еріктілермен біршама жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, 570 еріктімен халық көп шоғырланған жерлерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сервистік әкімдіктерде 6000-ға жуық атаулы түсіндіру іс-шараларын өткізіп, 160 000 үлестірмелі парақшалар таратқан.

Осыған байланысты «Egov-жаршысы-2021» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың  нәтижесін қорыта келе, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, электрондық үкімет порталын насихаттау, электронды қызметтерді алу дағдыларын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс атқарған үздік 50 ерікті марапатталды. Оларға Алматы облысы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттары және ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK