«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясының жүлдегерлері  марапатталды.
Мемлекеттік тіл саясатында  өзекті мәселелерді шешу, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ісқағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне баса мән беру, ономастика саласында, соның ішінде қазақ тілінде әзірленетін деректемелер мен көрнекі ақпараттардың сауаттылығы және сапасы басты назарында. Ал, бұл ретте жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясының маңызы зор.  Осы аптаның басында Тіл сарайында осы шараның қортындысы шығарылып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынды ашқан Алматы облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың  басшысы Болат Керімбек: «Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп, оны дамыту – әр азаматтың парызы. Осы орайда,  тіліміздің тұғырын биіктетіп, тазалығының сақталуына үлес қосып жүрген   сіздермен басқосудың сәті түсіп тұр екен. Әрқайсыларыңызға зор алғысымды білдіргім келеді» – деп қоғамның ілгері дамуы тілдің өміршеңдігімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

 Акцияның биылғы басты ерекшелігі  – үш бағыттың қамтылуы. Яғни, бірінші  бағыт – аудан, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің жыл бойы жасаған жұмыстары бойынша, екінші бағыт – тіл тазалығын сақтауда өз үлестерін қосып жүрген тіл жанашырларының жұмыстары бойынша, үшінші бағыт – көрнекі ақпарат пен деректемелердің сауатты жазылуына ықпал етіп жүрген жарнама агенттіктерінің жұмыстары бойынша марапатталды.
Аталған байқауға  өңіріміздегі 20 аудан, қала қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті.  Әр өңірдің жұмыстарын білікті мамандар  сараптады.
«Ең үздік аудан, қала» номинациясы бойынша Талдықорған қаласы, Алакөл, Балқаш, Талғар мен  Іле аудандары  марапаттарға ие болды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдері күні аясында өтіп отыр. Талдықорған қаласы әкімінің аппараты «Үздік қала» номинациясында топ жарып, арнайы дипломмен қоса  қаржылай сертификат иеленді.
«Ең үздік жарнама агенттігі» аталымында «Болат» ЖК (Талғар ауданы), «LUX SERVISE» ЖШС (Еңбекшіқазақ ауданы), «FART» ЖШС (Талдықорған қаласы)  жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ,  тіл жанашырлары да құрметтелді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK