Қала аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

408

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізу аясында ағымдағы жылдың қараша айының 26 күні Талдықорған қаласының полиция басқармасы жергілікті полиция қызмет бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Г.Иманхатова Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының психолог маманы С.Дурыскелдиновамен  бірлесіп халық көп шоғырланған жерлерде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты үлестірмелі парақшалар тарату акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және оған қарсы күрес, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту.

Науқан ағымдағы жылдың 25 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін жалғасады.

Талдықорған қаласының Полиция басқармасы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK