Қазақ күресінен Талдықорған қаласының балуандары Алматы облысының чемпионы атанды. Балқаш ауданының орталығы Бақанаста өткен «Жас Барыс» додасына екі қала және 14 ауданнан екі жүзге жуық спортшы келіп, кім мықтыны анықтаған болатын.

Облыс біріншілігінде жас балуандар аянып қалмады. Сайдың тасындай іріктеліп келген спортшылар боз кілемде барын салып, бапкер үмітін ақтауға тырысып жатты. Нәтижесінде, бабы мен бағы қатар шапқан оғландар жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап өтсек, жалы командалық есепте Қарасай ауданы үздік үштіктен көрінсе, екінші орынды Қапшағай қаласының жастары иеленді. Ал, бозкілемде шашасына шаң жұқтырмаған талдықорғандық өрендер бес алтын, бес күміс және сегіз қола медаль ұтып, облыс біріншілігінде көш бастады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK