Талдықорғандық Темешов топ жарды

451
фото Ж. Немеребаев

Талдықорғандық Нұржан Темешов республикалық оқушылар арасында өткен мәнерлеп өлең оқу жарысында бірінші орынды еншілеп, аймақ абыройын асқақтатты. Жеңімпаз қазір шаһардағы №25 орта мектептің 9 сыныбында оқиды.

фото Ж. Немеребаев

«Мұрагер» интелектуалды білім порталы ұйымдастырған бұл байқаудың басты мақсаты – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып,  үздік өнер иелерін анықтау. Қашықтықтан өткізілген байқау шарты бойынша әрбір қатысушы өзі қалаған бір автордың өлеңін мәнерлеп оқып, ғаламтор желісі арқылы аталған порталға жүктеуі тиіс. Жалпы, бұл бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам үміткер қатысып бақ сынаған. Жастайынан өлеңді жатқа оқуға дағдыланған Нұржан Асанұлы жерлес ақын ағасы Жангелді Немеребаевтың туындысын оқып топ жарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK