Астана – бейбітшілік бесігі

489
Дереккөз

Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Астана – бейбітшілік бесігі» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Астананың 20 жылдығына орай және Елбасының Жолдауларында айтылған рухани құндылықтарды ұрпаққа өнеге ету, ел арасында насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған  сайысқа іріктеуден өткен 15 ақын қатысты. Аталмыш байқауда Сағыныш Намазшамова, Серік Әбікен және Қалмахамбет Мұхаметқали қазылық етті.  Поэзия әлемінің перзенттері бас қаланы жырларына арқау ете, алып шаhардың әсемдігін  қаламмен жеткізді. Нәтижесінде ІІІ орынды Азамат Нұрмұхан (Талдықорған), Ғапу Еркін (Панфилов), Бақбер Алтай (Талдықорған) ,  ІІ орынды  Асыл Сұлтанғазы (Талдықорған) мен Айнұр Төлеу (Жамбыл ауданы), І орынды Қозыбай Құрман (Талдықорған) иеленді. Ал, бас жүлде Мұхтар Күмісбекке бұйырды.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK