2017 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингі жарияланды. Рейтингтің 1-орнында Финляндия, 2-орында Норвегия, ал 3-орында Дания тұр. Ал, Қазақстан бұл рейтингте 60-орынға тұрақтаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

The Happiness Research Institute өкілдері бұл тізімді Twitter желісіндегі парақшасында жариялаған. Рейтингке қарағанда бақытты елдердің басым бөлігі Еуропада орналасқан. Сондай-ақ, тізімде 4-орынға Исландия, ал  5-орынға Швейцария тұрақтады. Мұнымен қатар, бақытты 10 елдің тізімінде Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция және Аустралия елдері бар.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қыркүйегінде The Spectator журналы да бақытты елдердің тізімін жариялаған болатын. Ол кезде рейтингте Норвегия көш бастады. 2-орында Дания, ал 3-орында Исландия.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK