Пандемия басталғаннан бері аймақта COVID-19-дың 702 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, соңғы 2 аптада 28 жағдай және соңғы тәулікте 2 жағдайы тіркелді, аурудың өсу өсу қарқыны -0,2% құрайды.

Пандемияны жеңудің жалғыз жолы-вакцинация. Қапшағай қаласында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өңірде барлығы 10 егу пункті мен 2 егу бригадасы жұмыс істейді. Вакцинаның бірінші компонентін 27454 адам алды, бұл өңір халқының 80,3% құрайды. Вакцинаның II компонентін 25731 адам немесе халықтың 71% алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK