Өткен тәулікте Алматы облысында 89 адам КВИ жұқтырған. Соның ішінде Талдықорған қаласында – 18, Панфилов ауданында – 15, Текелі қаласында – 8, Алакөл ауданында – 7, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында 6 жағдайдан, Жамбыл, Іле аудандарында 5 жағдайдан, Талғар ауданында – 4, Қарасай ауданында – 2, Кеген ауданында 1 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 57 адам емделіп шықты. Өңір «ЖАСЫЛ» аймақта. 04.11.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 1060 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 98 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны — 2245. Төсек-орын жүктемесі – 47,2 %.

Соңғы 3 күнде 7096 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 817 301. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1938. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 740 609. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2125.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK