Талдықорғанда жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан қалалық ашық чемпионат өтті. Аталмыш жарыс облыс орталығының 20 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Қалалық спорт бөлімі мен облыстық ауыр атлетика федерациясы ұйытқы болған сайысқа жүзден астам жас спортшы қатысты. Жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша 1-ші орынды «Өркен» БЖСМ командасы ұтып алды. Ал, Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің шәкірттері 2-ші тұғырдан көрінсе, 3 орынды – Алматы қаласының құрама командасы иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық спорт бөлімінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Айтулы шара көрермендерсіз және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап өткізілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK