Облыс орталығында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Дойбы 64» ойынынан Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. «Рапид» ережесі бойынша болған жарысқа 6 команда, 40-тан астам жас спортшы  қатысты.

Жылдам ойлануды қажет ететін бұл спорт түрі – қателікті кешірмейді. Егер сәл ғана ағаттық жіберсең қарсылас ойыншы ұтымды сәтті оңтайлы пайдаланып, жеңісті өз пайдасына шешуге тырысады. Сол себепті қатысушылар барын салып, жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысты.

Мәселен, Бауыржан Бақтыбек, Нұрали Болатбекұлы, Ақерке Рамазан, Әмина Оразбай сынды ойыншылар өзгелерден айласын асырып, үздік атанды.

Айта кетейік, жарыстың өтуіне Алматы облысының шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен қалалық спорт бөлімі ұйытқы болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK