Талдықорғанда Парыз жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа жолдауын насихаттау мақсатында арнайы шара өтті.

Шара барысында белсенді жастар Жолдаудың мәтінделген нұсқасын халық көп шоғырланатын жерлерінде таратып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат — Президент жолдауын кеңінен насихаттау, алдымыздағы жылға еліміздің өркендеуіне арналған жоспарлармен таныстыру, біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрғанымызды, іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктегенімізді қала тұрғындарымен қонақтарына жеткізу.

Айта кетсек, дәл осы форматтағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK