Талдықорғанда «Парыз» жастар қоғамдық бірлестігі мен еріктілер тобы Президент жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында, қала тұрғындарына брашуралар таратты.

Түсіндіру құралында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа арнаған Жолдауының толық мәтіні жазылған. Шара барысында жастар брашуралар таратып қана қоймай, ауызша түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

«Президентіміз мемлекетімізді дамыту үшін алдағы жылға айқын жоспарлар құрып отыр. Біз сол Жолдауда айтылған дүниелерді қала тұрғындары мен қонақтарына жеткізгіміз келді», — шара ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, насихаттау жұмысына сексеннен астам ерікті жас қатысты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK