Халықты  жұмыспен қамту мәселесі — күн тәртібінен түскен емес. Ал, жаз айында жастарымыздың  басым бөлігі жоғары оқу орындарын аяқтайды. Ыңғайлы жұмыс табуды көздейді.  Олардың бір бөлігі колледждерді тәмамдап , мамандығымен болмаса да  жалақысы көбірек  жұмыстарға орналасқысы келеді. Жұмыссыздық адам талғамайды.    Коронавирустық пандемия жағдайында біраз экономикалық қиындықтарға да тап болып жатырмыз. Сондықтан да, бізге жұмыссыздықтың алдын алу бағытындағы шараларды анықтау мақсатында қалалықтарға қызмет көрсетіп жатқан мекеменің жұмысына тоқталудың реті  келіп тұр.

Талдықорған қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы « Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының іске асырылуы» бағытында жұмыстарын  жандандырып келеді.  Бұл жердегі негізгі мақсат- жұмыссыз азаматтарға жол сілтеп, бағыт-бағдар  беру.  Бұл мекеме тілек білдіріп келген  әр адамның  тұрақты  жұмыс табуына көмектеседі.  Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламаның бірнеше бағыттары бар, солардың әрқайсысына тоқтала кеткенді жөн санадық.

«Алматы облысы Талдықорған  қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айдос Атайбековтің айтуынша,  бұл аталмыш мекеме жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру шараларын іске асыру бойынша функцияларын жүзеге асырады.

«Орталықта негізінен  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес     мемлекеттік қызметтің 6 түрі бар. Атап айтқанда,

— жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу- электронды/қағаз түрінде;

-жұмыссыздарды тіркеу- электронды/қағаз түрінде;

-жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру — электронды/қағаз түрінде;

-Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау- электронды/қағаз түрінде;

-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау — қағаз түрінде;

-Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру- электронды түрінде беріледі»- дейді мекеме басшысы.

 Сондай-ақ, бұл  жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының»  үш бағыты  бойынша жұмыс жүргізіп келеді..

Ағымдағы жылғы  1 қыркүйекке дейнгі дерекке сүйенсек,  жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3656 адам қамтылды.

Бірінші бағыт бойынша-техникалық кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап  390 адам  кәсіптік оқытуға жіберілді.  Оның ішінде, гаэлектрдәнекерлеуші, аспаз, кондитер, электрик, маникюр шебері, есепші, тігінші және тағы басқалары бар.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында 2021 жылы Талдықорған қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 77 адам жолдама алды.  Бүгінгі күнге  42 азамат 231,7 млн теңге несие алды. Бұл  бағыттағы жұмыстар  әлі   де жалғасады.

Ағымдағы жылы өтеусіз гранттар беруге жаңа бизнес — идеяларды іске асыру үшін 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК — 583,4 мың теңге) қарастырылған. Жаңадан кәсіп ашуға  ниетті   90 адам грант алды. Оның ішінде 10 адам 29 жасқа дейінгі жастар болса, 10 –ы  аз қамтылған және көп балалы отбасылар.

Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға  көңіл бөлінді.   «Али» ЖК, «Альфа-Аж» ЖШС, «Ербол» ЖШС, «Молдахметова» ЖК сияқты т.б. ұйымдарға еңбекақының  35%-ын субсидиялаумен жұмысқа 58 адам  жіберілді.

Үстіміздегі  жылы  «Жастар практикасы мен»  жоғары және орта арнаулы оқу орындарын аяқтаған  207 түлек  жұмысқа орналасты.

Ал  қоғамдық жұмыстармен 1357 азамат қамтылды.

«Бірінші жұмыс орны» жобасын іске асыру бойынша жоғары және орта білімі бар 10 түлек тің қолына жолдама берілді.

Ағымдағы жылы «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын іске асырылуда.  Бұл бойынша да қазіргі  таңда жоғары және орта білімі бар 4 түлек жұмыс тапты.

Ағымдағы жылы «Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту» бағыты бойынша қала кәсіпорындары мен мекемелерінен тұрақты бос жұмыс орындарына  508 өтінім келіп түсті. Оның ішінде электрондық еңбек биржасы арқылы 1238 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Еңбек» бағдарламасының бұл бағыты электрондық еңбек биржа порталы арқылы жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді көздейді.

Мүгедектерге квота  бойынша жұмысқа орналасытру

  Жарымжан болса да еңбекке деген құлшынысы ерекше жандар да бар.

Талдықорған қаласы әкімінің 2017 жылғы 4 қаңтардағы «Талдықорған қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына, сондай-ақ Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 103-ө «Талдықорған қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың кейбір мәселелері туралы» өкіміне сәйкес жұмыстар қолға алынған.

 190 мүгедектігі бар жұмыссыз азаматтар  орталыққа жүгініпті. Оның ішінде ағымдағы жылы 85 мүгедектігі бар жұмыссыз азамат жұмысқа орналасқан.  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек »мемлекеттік бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар азаматтар қатарынан жастар практикасынан өту үшін  3 түлекке жолдама берілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 9 адам, сондай-ақ,  «Еңбек» кодексіне сәйкес күніне 7 сағаттан жұмыс істейтін қоғамдық жұмыстарға 108 адам жіберілді.

Мемлекеттік  бағдарлама бойынша жұмыссыз азаматтар да, кәсіп бастаймын дегендерге де тиісті көмектер жасалуда. Тек жұмыс жасауға деген әр адамның ниеті болсын!

                                                           

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK