Жетісу университеті Қазақстандағы ең үздік ЖОО атанды

458

Қазақстан студенттерінің Альянсы 2-жыл қатарынан әлеуметтік сауалнама жүргізіп Жоғары оқу орындарының рейтингісін әзірледі. Сауалнамаға ЖОО-ның 25 176 студенттері, магистранттары, докторанттары және түлектері қатысып дауыстарын берген. Бұл еліміздегі жалпы білім алушылар санының 5% құрайды. Нәтижесінде республикадағы ең үздік 10 университет таңдалған сауалнамада Жетісу университеті алғашқы орында шықты. Дәл осы рейтингтегі ҮЗДІК ЖАТАҚХАНА аталымында да дауыс берушілердің басым бөлігі Жетісу университетін таңдаған. Шалғайдан оқимын деп келген жасқа бұл қара шаңырақта бар жағдай жасалып отыр. Өткен оқу жылында 288 орындық көпқабатты жаңа жатақхана ғимараты пайдалануға берілген. Елбасының «5 әлеуметтік бастамасының» аясында жатақхана құрылысы 2020 жылы қолға алынып, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2,3 млрд. теңге жұмсалыпты. Ал, оқу ордасының биылғы білім маусымына студенттеріне тартуы жаңа жүзу бассейні пайдалануға берілмек. Спорттық нысан оқытушылар мен білім алушыларға арнап салынған. Аталмыш жаңалыққа университет студенттері ерекше қуанышты. «Оқумен қатар салауатты өмір салтын ұстануымызға мол мүмкіндік болмақ» деп бөлісті Жетісу университеті «Журналистика» мамандығының 3 курс білімгері Аяужан Болат.
Айта кетсек, жарты ғасырлық тарихы бар оқу ордасында бүгінде 6500нан аса студент юілім нәрімен сусындап келеді. 47 мамандық бакалавр, 26 мамандық магистратура, 10 мамандық бойынша докторантура оқытылады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK