Бастамалы істер жалғасады

410

Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен отырысында сөйлеп, халықтың әл-ауқатын көтеру  жолында  «Бес әлеуметтік бастама» ұсынды.

Ұсынған бес әлеуметтік бастама — үйсіз жүргендерге үміт сыйлап, айлығы шайлығына жетпейтін жұмысшыларды бір қуантып тастағандай.

 Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ж. Құсайынов  өз  ойын  былайша білдірді.

-Үндеудің  төртінші бастамасы шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан  кәсіпкерлікті  бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы болды.  Мәселен,  осы  жылы жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру үшін қосымша  қаржы  бөлу  жайлы да   айтылды.

Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады.

Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны  бұрынғы жылдармен салыстырғанда  артатын болды.

Сондықтан да Елбасы  бастамасы мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік берері анық-, дейді.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK