Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды   stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz

Президент соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, шұғыл түрде шаралау қабылдау керектігін айтты.

“Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын.

Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе елордадағы жағдай өте күрделі. Өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады.

Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет”, – деді  Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықты вакцинациялаудың маңыздылығын атап өтті.

“Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу”, – дейді Мемлекет басшысы.

“Бүгінгі күні 2,8 миллионға жуық адам иммундаудан өтті. Алайда, вакцинациялаудың жақсы динамикада жүргізіліп жатқанына қарамастан, кейбір аймақтарда жағдай нашар. Вакцинация алғысы келмейтін адамдармен жұмыс кезінде дифференциалданған тәсіл қолданылуы керек. Адамдар әртүрлі себептермен вакцинадан бас тартып жатады. Ондай адамдардың арасында не салдырарын, не салдырмасын білмей жүргендер көп”, – дейді Қ.Тоқаев.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK