19 шілдедегі жағдай бойынша Алматы облысында КВИ зертханалық расталған 29 387 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 18 772.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1374,9 құрады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3%-дан (05.07-11.07.2021), 0,5% — ға дейін (12.07-18.07) ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 0,9%, Балқаш — 0,6%, Іле — 1,0%, Қарасай — 0,8%, Қаратал — 0,8%, Райымбек — 0,9% және Талғар-0,6% аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 126 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,4%, оның ішінде 102 симптомдық (81,0%) және 24 симптомсыз (19,0%) жағдай.

КВИ анықталған 126  жағдайының 23-і 14 жасқа дейінгі балалар (18,3%) және оқушылар арасында 12 жағдай.

Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу – 2, Алакөл-3, Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-12, Ескелді – 6, Жамбыл-7, Іле-28, Қарасай-7, Қаратал – 8, Кербұлақ – 1, Көксу – 2, Панфилов – 5, Сарқан–25, Талғар – 17, Талдықорған — 23, Текелі-1.

19 шілдедегі жағдай бойынша 27 224 адам сауығып, бір тәулік ішінде стационардан 10 пациент шығарылды, 30 адам үй оқшаулауынан шығарылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK