Биылғы жаңашылдық жоғары оқу орындарының жас педагог-түлектерін Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Бұл қолға алынған шара кадр сапасын арттыруға бағытталған. Біліктілік тестілеуі түлектердің пән бойынша білімі мен оқыту әдістемесінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

«Мұндай жаңашылдық білікті педагогтер балаларымызға сапалы білім берулері үшін енгізіліп отыр. Биыл оқуын тәмамдаған жоғары оқу орындарының түлектері мен осы уақытқа дейін мектепте жұмыс істемеген педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруы тиіс. Тестілеуді тапсырып, қажетті балл жинаған түлектерді ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Ұлттық біліктілік тестілеуінде біліктілігін дәлелдегеннен кейін түлектер өз кәсіби дағдыларын мектеп қабырғасында көрсете алады. Бұл жаңашылдық оқуын аяқтап, педагог болып жұмыс істеуге ниет білдірген тұлғаларға ғана қатысты. Яғни, жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге бұл талаптар қойылмайды», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Ұлттық біліктілік тестілеуі 1 шілде күні басталды . Ол үшін  үміткер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында алдын ала тіркелу қажет.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK