Шектеу шаралары енгізілді

420
Дереккөз

Алматы облысы  бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,2% — дан 0,4% — ға дейін өсті.  Ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Іле, Қарасай, Қаратал, Талғар аудандарында байқалады.

15 шілдедегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 28 733 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен — 18 238. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1344,3 құрады. 27 мыңнан астам адам сауығып, бір тәулік ішінде стационардан 30 пациент, 21 адам үй оқшаулауынан шығарылды. Ал, жыл басынан бері бірінші компонент бойынша — 468 455, екінші компонент бойынша — 253 784 адам әлеуметтік жауапкершілік танытып, вакцина қабылдады.

Айта кетейік, Құрбан айт мерекесіне орай Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның жиілеуіне байланысты өңір тұрғындары арасында COVID-19-дың таралуын болдырмау мақсатында бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ, жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуына, бірігіп іс-шаралар өткізуіне, көлік құралдарынан және жеке үй шаруашылықтарынан мал сатуға және сатып алуға тыйым салынады. Ветеринарлық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою орталықтары мен учаскелерінде ғана малды союды және сатуды ұйымдастыруға, малды тек ветеринарлық сертификатпен жабық режимде келушілерсіз союға рұқсат. Халыққа Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру бойынша Call-орталық жұмыс істеп,  әкімдіктер жанындағы мобильді топтар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимнің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуын бақылайтын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK