Орталықтандырылған медициналық зертхана

421
Дереккөз

Талдықорған қаласында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «DiVera» орталықтандырылған медициналық зертханасы ашылды. Аталмыш орталық онкология ауруларына кешенді диагностика жүргізіп, ауруды ерте кезден анықтау деңгейіне ықпал етеді.

Мұндағы мақсат – қарапайым халыққа көрсетілер медициналық қызмет  сапасын арттыру, заманауи зертханалық талдау жүргізіп, емдеу. Медициналық орталық соңғы үлгідегі Fujifilm Amulet Innovality ең озық аппаратымен жабдықталған, жылына 1,5 миллионнан астам зерттеу жүргізе алады. Мұнда маммолог, аллерголог қызметтерімен қатар гинеколог, педиатр, терапевт мамандары да жұмыс атқарады. Жергілікті учаскелік дәрігер ұсынған жолдама арқылы кез келген тұрғын тегін қызмет алады. Айта кетейік, бұл орталық сүт безі қатерлі ісігіне кешенді диагностика жүргізер Алматы облысы мен қаламыздағы  жалғыз орталық. Аталмыш медициналық орталықтар желісі  «Қазақстан Республикасының онкологтар қауымдастығының» мүшесі болып табылады.

Диляра Қайдарова, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ төрайымы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог-дәрігері: Еліміздің 20-ға жуық өңірінде осындай орталықтар ашылып, жұмыс жасауда. Сүт безі, жатыр мойны обырына тез әрі нақты диагноз жасайтын томосинтез функциясы бар зертханалар халық үшін аса қажет.Томосинтез 1 миллиметрге дейінгі ісікті анықтауға мүмкіндік береді. Алматы облысында онкологиялық дерт бойынша 15 мыңға жуық науқас диспансерлік  есепте тұр. Жылына 2 мыңнан астам адам осы ауруға шалдығады.  Өңірде сүт безі, өкпе, асқазан ісіктері жиі кездеседі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK