Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымының бастамасымен белгілі қоғам қайраткері Болатқали Байғонысовқа естелік тақта орнатылды. Марқұмның бейнесі салынған тас тақта шаһардағы Аблайхан көшесіндегі өзі тұрған184 үйдің қабырғасына ілінді.

Салтанатты шараға жиналғандар алдында сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков Болатқали Сақпайұлының көзі тірісінде атқарған өнегелі істеріне кеңінен тоқталып, оның қоғамның дамуымен өңірдің өркендеуіне қосқан елеулі еңбетерін айрықша атап өтті.

 Болатқали Сақпайұлы, Байғонысов 1953 жылы 19 тамызда Алматы облысы Гвардия ауданы, Қоғалы ауданында дүниеге келген. 1971 жылы Қоғалы  ауылында Панфилов атындағы орта мектепті бітірген ол Кеңес армиясының қатарында әскери дайындық өткен. Кейін Абай атындағы қазақ педагогика және Алматыдағы халық шаруашылығы институтын бітірген. Гвардия ауданы партия комитетінің комитетінің ұйымдастырушысы, бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы болған. Осыдан соң Развильненский совхозының компартия комитетінің хатшысы,  аудандық компартия комитетінің нұсқаушысы сынды қызметтер істеген. Кейінгі жылдары Талдықорған облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі және нұсқаушысы, Гвардия ауданы халық депутаттары Кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары, Облыстық экономика комитетінің орынбасары «Бірлік» АҚ бірінші вице-президенті,    Талдықорған қаласында Еңбекпен қамту орталығының директоры сынды лауазымды міндеттер атқарып, 2006 жылы   өмірден өткен.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK