Үкімет басшысының қаулысымен Малшылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтетін болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы осы мәселеге арналған. Құжат бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізіліп, маусым айының екінші жексенбісі Малшылар күні болып бекітілді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, – делінген Премьер-министр Асқар Маминнің қолы қойылған құжатта.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK