Сovid-19: соңғы екі аптада өсу қарқыны байқалады

419
Дереккөз

13 шілдедегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 28 455 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 18 017. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1331,3 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,2%-дан (29.06-05.07) 0,3% — ға (06.07-12.07) дейін өсті. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Талғар аудандарында байқалады. Соңғы тәулікте КВИ 86 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,3%, оның ішінде 70 симптомдық және 16 симптомсыз жағдай. КВИ анықталған 86 жағдайының 15-і 14 жасқа дейінгі балалар және оқушылар арасында 6 жағдай. Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы: Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-2, Ескелді-1, Жамбыл – 4, Іле–12, Қарасай-10, Қаратал-7, Панфилов – 7, Талғар–14, Ұйғыр – 9, Талдықорған – 16, Текелі-2.

13 шілдедегі жағдай бойынша 26 918 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 17 пациент шығарылды, 34 адам үйден оқшаулаудан шығарылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK