Жүректен жүрекке жеткен…

335
Дереккөз

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, “Жас Отан” ЖҚ ұйытқы болуымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында  “Жүректен жүрекке” байқауы өтті. Аталмыш облыстық байқау Астана қаласының 20 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.

Дереккөз

Шараның мақсаты – облысымызға  қарасты шалғай аудан, қалалардағы мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық деңгейін  дамытуға барынша қолдау көрсету, олардың ерекше қабілеттерін көпшілікке таныстыру. Үміткерлер 5 кезең бойынша өзара сынға түсті.  Ең әуелі  спорттық шарада белсенділіктерімен көзге түссе, кейінгі бөлімдерде қолөнер бұйымдарын жасау, сурет салу,  би билеп, ән шырқау сынды шығармашылық қырларын танытты.

Дереккөз

Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Б.Жақсыгелдинов: “Біз жастар болып, жалпы халық болып,  мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сыртқа шектетпей, керісінше қоғамда белсенді болуларына ықпал етуіміз керек. Осындай шығармашылық байқаулар арқылы өмірге деген құштарлықтары артады деп ойлаймыз ”- деп атап өтті.

Дереккөз

Ұйымдастырушылардың айтуынша  биылғы жылы қатысушылар  қатары әлдеқайда  көбейген. Жамбыл ауданының  өрені Мейіржан Матиш те аталмыш байқауға қатысуды армандаған екен. Алайда,   жас талант иесі сайыстан бес күн бұрын дүниеден өтіп, қайғылы жағдай орын алған. Дегенмен, қылқалам шеберінің туындылары көрмеге қойылып, көпшіліктің жоғары бағасына ие болды.        

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

                                                                           

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK