Қазақстанда қызметкерлердің құқығын қорғау күшейтілді. Заңға өзгерістер енгізілді, -деп хабарлайды  ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Сенат жұмыс берушілердің еңбек саласындағы кемсітуіне жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін заң қабылдады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерістер енгізілмек. Жұмыс уақыты мен жұмыс ауысымын заңсыз асырғаны үшін жұмыс беруші бірінші жағдайда ескерту алады. Қайталанған кезде оған айыппұл салынады. Лауазымды тұлғаларға – 40 АЕК (2021 жылы – 116 680 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК (2021 жылы – 175 020 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК (2021 жылы – 233 360 теңге), ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК (2021 жылы – 350 040 теңге).

«Бұл заң азаматтардың еңбек құқықтарын заңнамалық қорғауды көздейді және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғау үшін прокуратура және ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK