Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Соған сәйкес, Қазақстанның бір қаласы ғана «қызыл» аймақта тұр деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК telegram арнасына сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

 «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы «Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 1145 адамнан коронавирус анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым көпшлігі, яғни 343 науқас Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Сондай-ақ Қарағанды облысында 150, Алматы қаласында 109 адамнан коронавирус анықталған. Сонымен бірге, коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 12 қазақстандық көз жұмды.

17 маусымдағы мәлімет бойынша республикада 21132 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 6468 пациент стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус пен пневмония жұқтырғандар арасында: 435 адамның жағдайы ауыр, 111 пациенттің жағдайы өте ауыр, 73 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 405 209-ға жетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK