Қазіргі жастар (тек жастар ғана емес) өз өмірлерінде құлаққапты жиі қолданады. Олар көпшіліктің автобуста, метрода, серуен құрғанда, жүгіргенде, кезекте тұрғанда музыка тыңдап, ләззат алатын ажырамас бөлшегіне айналды. Музыканың адамның үлкен психологиялық әсер етеініне ешкім шүбә келтіре қоймас,ол көңіл-күйді көтереді, жабырқатады, ойландырады, арманға жетелейді. Музыкасыз өмір сұрықсыз, көңілсіз болар еді.

Портативті музыкалық плеерлердің (алдымен CD, сосын MP3) музыка тыңдауға жаңа мүмкіндіктер ашты. Енді кез-келген жерде, ешкімге кедергі жасамастан кез-келген сүйікті әуеніңді тыңдай аласың. Бұл, әрине, өте ыңғайлы.

Ертеректе құлаққаптар қатаң кәсіби мақсатта қолданылған. Ал, қазір, адамзаттың өмірін музыкасыз, телефонға қосатын құлаққапсыз елестету қиын. Оның пайда болу тарихы ешкімді де қызықтырмайды, құлаққаптар бұрыннан қолданылып келе жатқан зат тәрізді болып қалыптасып кеткен.

 Құлаққап қалай пайда болды?

Ең алғаш  1881 жылы Белла Эзра  Джиллилэнд дыбысты беретін және қабылдайтын алғашқы телефон гарнитурасын ұсынды.

1891 жылы француз инженері Эрнест Меркадье құлаққа қоятын құлаққаптарды патенттеді.

Том Эдисон  1895 жылы ішкі каналдарға арналған құлаққаптарды патенттеді. Оның қызметі дыбысты фонографтан труба арқылы құлаққа тікелей жеткізу еді.

1910 жылы Натаниель Болдуин алғашқы басқа арналған телефондардың құрылымын  АҚШ ВВС на ұсынды.

Ал алғашқы бүгінгі нұсқадағы  құлаққаптар 1958 жылы Джон Косстың ойлап табуымен жарыққа шықты. Жапонияның ұлттық психологиялық институты мен Германияның Мюнстер университеті мамандарының айтуынша, құлаққаптың дауысын күшейтіп, оны ұзақ уақыт пайдалану кереңдікке шалдықтырады. Бірақ, денсаулығының осы бір ақауын адам өзі сезбей де қалады екен. Алғашқы құлаққап әскери әуе техникасына, ұшқыштарға арналып жасалды. Ал, қарапайым халықтың қолданысы үшін SP-3 құралы жасалынды. Бұл жаңа аппарат жарыққа шығысымен, ізін ала жапониялық өнертапқыштар осы идеяны ары қарай дамытты. Коссаның құлаққабы үлкен және қолданысқа ыңғайсыздық туғызды. Осы бір кемшілікті көрген жапондықтар Косстың минусын өз пайдаларына плюске айналдырды. 1980 жылы дыбыс шығару сапасы және ыңғайлылығы көңілден шыққан құлаққап, сонымен қатар алғашқы ән тыңдауға арналған плеер әлемге бірнеше данамен тарап кетті. Осылайша, жыл өткен сайын құлаққап сапасы жақсара түсті. Нәтижесінде, тоқсаныншы жылдардың ортасында блютуз арқылы басқарылатын жаңа ән тыңдау құралы жарыққа шықты. Қазіргі уақытта бұл құрылғының мыңнан астам түрі бар.

«Жалғыздықтың жалғыз емі – музыка» дейді біреулер. Өмірден безіп, өзімен-өзі қалғысы келген адам мұңды әуен  тыңдап, мұңға батқанды жөн көреді. Сондайда, әрине, көмекке құлаққаптың  келетіні  анық. Бірақ психолог  Б.Ғалымжанқызы: «Сен музыканы тыңдағанмен, музыка сені тыңдамайды, жалғыз қалғаныңмен, саған  серік  бола алмайды»  деген  пікір  айтады.

«Құлаққап  дертіне» ұшыраған адамның негізгі белгісі – айналасынан  бөлектену. Басында  ләззат  үшін  тыңдаймын деген музыканың  тұңғиығы біртіндеп өзіне тартып, ақыры өзін-өзі түсінбес халге душар етеді екен.

Адамның сезу мүшелерінің ішіндегі ең сезімталы  құлақ. Құлағымыз болмаса біз ешқандай дыбысты ести алмас едік. Алайда, адам қартайған сайын оның барлық мүшелерінің қызметтері бәсеңдейді. Қазіргі кезде жастар өздерін өздері ерте қартайтып бара жатқан сияқтыұялы телефонға жиі үңіліп, көзіміздің көруін нашарлатамыз, ал құлаққапты үнемі тыңдап, құлақтың есту қабілетін бұзамыз.

Бар қателігіміз осында. Адам құлаққапты пайдаланғанда біртіндеп кереңдік ауруына тап болады. Тап болып қалмай, сонымен қатар өзіне артық радиотолқын мен шектен тыс биоток қабылдайды. Бұл ағзада әртүрлі аурулар туғызады. Зерттеу барысында құлаққапты ұзақ уақыт, мәселен 3 сағаттан артық  тыңдағанда адамның бас миының тамырлары тарылып, оттегі жеткіліксіздігінен бас ауру пайда болатындығы анықталды.

Құлаққап арқылы әртүрлі микроағзалар құлаққа таралуы мүмкін екен.  Бұл отит, паротитті инфекцияны туғызады.Осының алдын алу үшін құлаққапты тыңдар алдында 70 пайыздық спиртпен өңдеп, тазартып отырған жөн.

Ото­ла­рин­гологтер соңғы кездері өте қатты шу құлақтағы сезімтал жасушалардың өлуіне әкеліп соқтырады деп отыр. Олардың ай­туынша, есту қабілетінің төмендеуіне құлаққаптың қосар үлесі қомақты көрі­неді. Ото­ларин­гологтер құлаққапты бар дауы­сымен бақыртып қойып тыңдау құлақ пердесін жарып жіберуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Оның соңы керең болуға әкеліп соқтыруы да кәдік.

ҚҰЛАҒЫҢДЫ   САҚТА! Бұрындары бұл құрылғыны дыбыс­  жазу студиялары мен телекоммуникация қызметкерлерінің, қала берді, авиация мамандарының құлақтарынан ғана арагідік көзіміз шалатын. Ал қазір ше? Көшеде сабылған халықтың екеуінің біреуі құлаққаппен жүреді. Құлаққаптың ағзаңызға “салқыны” тимес үшін күніне 1 сағаттан артық қолдануға болмайтын көрі­неді. Бүгіндері таңалакеуімнен көзін тырнап ашып, құлағын бітеп, қас қарайып, күн батқанша өзіне ермек­ ететіндер көп. Физикадан білеміз, дыбыстың ең жоғарғы шегін­де 80 децибелл көрсетілген. Одан жоғары дыбыстар ағзаңызға кері әсерін тигізеді. Ал бас бөлігі тамшыдай ғана құлаққап құлағыңыздың дәл түбінен даңғырап, аса зиян жасайды. Мұнымен қоса, құлаққаппен ән тыңдап отырып, ішімдік ішкенде қатты дыбыстың  есту қабіле­тіңізге әсері де артатын көрінеді. Ал қоғамдық көлікте сыртқы шуды естімеймін деп музыканың  дауысын ұлғайтқан сайын оның зияндылы­ғы да күшейетінін ұмытып  кетеміз.

Жалпы, жұмыр басты пенденің жеті мүшесі­нің ешқайсысын бір-бірінен бөліп алып қарау мүмкін емес. Ал адамның нәзік те ұрымтал мүшесінің бірі – құлақ. Табиғат  ана – шебер. Ол сол шеберлігінің арқасында адам жаратылысындағы қиындыққа төтеп бере алатын түрлі механизмдерді ағзаға молынан жиған. Ол құ­лаққа  да  қатысты. Құлақ бұлшық етінің қатты дыбыс­тарға қарсы тұра алатын арнайы қорға­нысы  бар. Десек те, қорғаныс бар  екен деп адамдар есту мүшесін оңды-солды етуі тиіс емес. Қазақта қойдың басын ұстаған адам дастарқан басына жапырылыса отырған балаларға «құ­лықты, құйма құлақ болсын» деп құлақты ұсынып жатады. Ал сол құ­лаққа немқұрайды қа­рап, елемейтіндер түбі опық жеп қаларын сезбесе керек-ті. Сондықтан табиғат берген бұл сыйды барынша сақтаған ләзім.

Құлақтың естімеуі деген адам үшін үлкен азап. Ол күнделікті ақпараттардан мақұрым қалады, бірте-бірте жұртпен түсінісуі, араласуы төмендейді. Ол кейін басқа да аурулардың бой алуына себепкер болады. Ендеше, құлағыңызға да қамқорлықпен қараңыз.

 

Нұрбекова Айнұр Қайратқызы,

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО» КММ

 информатика пәні мұғалімі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK