«Nur Otan»  партиясының сайлау алдындағы  бағдарламасының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!»  атты жол картасы аясында қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердегі мониторинг жұмысының нәтижелері турасында  «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында брифинг өтті.  Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіру бөлімінің басшысы  Ақзира Нұрдуллаева, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы  Әйгерім Тулегенқызы және  Ұлттық алдын алу тетігінің мүшесі   Гульгана Назырова  қатысып, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Айтар болсақ, партиясының сайлауалды  бағдарламасының  жол картасын жүзеге асыруда  «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарт адамдардың жағдайына  мониторинг жүргізу жоспары бекітілген.

Осы мақсатта облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнайы бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдардың қатарынан және қоғамдық өкілдерден мониторинг тобының құрамы жасақталды.

 Айтар болсақ, Алматы облысында 2231 орынға арналған 13 медициналық — әлеуметтік мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 10 мекеменің 2-уі қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі орталықтар санатында.   Бұл 350 орындық «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (оның ішінде 30 орын күндізгі болу бөлімшесіне арналған) және 220 орындық Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы.

Аталған орталықтар бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен егде жастағы өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға, яғни қарттардың тұруына арналған ұйымдар болып табылады.

«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1991 жылы құрылған. Орталықта 261 адам қызмет алуда (ер — 179, әйел — 82).  Оның ішінде  зейнеткерлер саны – 207, мүгедектігі бар адамдар саны – 54. Күндізгі бөлімде 28 қарт  қызмет алуда.

Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 138 адам бар.    Мониторинг жұмыстары 2021 жылдың 17-19 мамыр аралығында «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде,    20-21 мамыр аралығында «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жасалып, қандай көмектер керектігі анықталды.

Мәселен, Текелідегі қарттар үйіне мониторингтің нәтижесінде анықталғандай, мұнда  шаралар асханада өтетін көрінеді. Сондықтан да, акт залы керек.

Ал,Қапшағай қаласындағы қарттар мекемесі ғимаратына күрделі  жөндеу жұмысы,  бөлмелердің тарлығына қатысты  және де жиһаздық бұйымдарды жаңартуға ұсыныстар  беріліп отыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK